«Сүгір» атындағы қазақ ұлт — аспаптары оркестрінің құрылғанына биыл — 20 жыл. Шығармашылық ұжымның мерейлі тойы бір жеті бойы тойланады. Дара тұлғаның құрметіне ұйымдастырылған кезекті шарада қазақтың дәстүрлі әндері орындалып, көрермен асқақ рухтағы туындылардан қуат алды.
«Сүгір» атындағы қазақ ұлт — аспаптары оркестрінің құрылғанына биыл — 20 жыл. Осыған орай, Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда рухани концерт ұйымдастырылды. Шығармашылық ұжымның мерейлі тойы бір апта тойланады.
Нұрсәт Бейсеқожаев, Ш. Қалдаяқов атындағы облыстық филармониясының директоры: «Осы апталық концертте бізде Созақ өңірінің күйшілері Сүгір Әліұлы, Төлеген Момбеков, Жаппас Қаламбаев, Генерал Асқаров және де өздеріңізге мәлім Шәмші атамыз 29 ақпан күні дүниеден қайтқан күн, ол біздің жылдық үлгідегі жоспарда бекітілген. Бұл жолы бірақ Шәмші атамыздың толыққанды оркестрдің сүйемелдеуімен айтылады деп шештік сондықтан да апталық жоспар соған құрылған».
Оркестрдің репертуарлық қоржынында халық әндері мен күйлерінен әлем және қазақ композиторларының, сондай-ақ жергілікті сазгерлердің еңбектерінен құралған 500-ге жуық шығармалар бар. Концерттің мақсаты — бабамыздан мирас болып қалған бай мәдени мұраны сақтап, төл өнерін терең меңгеріп, ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен ән мен күйін насихаттау арқылы, болашақ ұрпақтың бойына сіңіріп, мұра ретінде қалдыру болып табылады дейді,- Ерлан Дәуренбеков.
«Сүгір» атындағы қазақ ұлт — аспаптары оркестрі 2002 жылы құрылған. 2009 жылы бұл ұжымға белгілі күйші Сүгір Әліұлының есімі берілді. Мұндағы өнерпаздар оркестр құрылған күннен бастап, барлық деңгейдегі мәдени іс-шараларға белсене атсалысып, қазақ өнерінің өз биігінен түспеуі үшін тер төгіп келеді.Сонымен қатар шығармашылық ұжым алдағы уақытта басқа облыстарға да гастрольдік сапарға шығуды жоспарлап отыр.
Иззат Миралиев