Ауыл шаруашылығын субсидиялаудың бірыңғай жүйесі іске қосылады. Платформаға қосылу тегін. Бұған дейін ақы төлеу керек болатын. Енді қағазбастылық та азаяды.
Өйткені, талап етілетін анықтамалар саны қысқармақ. Бастысы, бұл жүйе бәріне бірдей қолжетімді. Тіпті, шағын және ұсақ шаруа қожалықтары да қатыса алады. Мәжілістің жалпы отырысында ауыл шаруашылығы министрі депутаттардың сауалына осылай деп жауап қатты. Қазір субсидиялау жүйесін түбегейлі реформалау қолға алынды.
Шаруалар мен жауапты сала мамандарының талқысына салынып, түзіліп жатқан құжат жобасы наурыз айының соңына қарай дайын болады – дейді министр.
Шынар Оразова