Азаматтар декларацияланбаған 1 млн. доллардан аса ақшаны шетелге алып кетпек болған

137

Қаңтарда азаматтар декларацияланбаған 1 млн. доллардан аса ақшаны шетелге қолма-қол алып кетпек болған.

Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, бір айдың ішінде 7 кеден бекетінде ақшаны жасырып алып кетудің 48 фактісі анықталған. Тауарларды, қолма-қол ақшаны, қаржыны кедендік декларациялауды анық жүргізбегені үшін 1 млн 400 мың теңгеден аса айыппұл салынған.

Алматыда адамдар 165 млн. теңгені заңсыз әкетпек болған. «Алматы-Дубай» бағытындағы әуе рейсінде де жолаушыдан 43 млн. теңгеге жуық қолма-қол ақша табылды. Ол да қаржыны декларациядан өткізбей, алып кеткісі келген. Ал Нұр-Сұлтанда азаматтар 96 млн. теңгені шетелге шығармақ болды.

Шынар Оразова