Өзін банкрот деп жариялаған жеке тұлға үш жыл бойы шет елге шықпайды. Сондай-ақ, ондай мәртебеге ие азаматқа бес жыл бойы несие берілмейді. Егер борышкердің қарызы 1600 Айлық есептік көрсеткіш яғни 4 миллион 900 мыңнан көп болса, қаржы ұйымы сот арқылы оның жылжымайтын мүлігін тартып алуға құқылы.
«Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң жобасында осындай ережелер қарастырылған. 4 ақпанда заң жобасының тұжырымдамасы мақұлданып, қазір қоғамда талқыланып жатыр. Кезекті талқылау барысында сарапшылар бірқатар ұсыныс жасады.
Яғни, борышкердің оқу немесе жұмыс істеу мақсатымен шетелге шығуына рұқсат ету, алаяқтық жасағандарға жазаны күшейту. Банкроттық жариялаған жеке тұлғаның қаржылық жағдайын үш жыл бойы бақылау және жалғыз баспанасын тартып алмау туралы айтылды.
Шынар Оразова