Биыл Шымкентте 102 көше жарықтандырылады

136

Шымкент қаласындағы орталық маңызы бар 747 көшенің 324-і жарықтандырылған. Яғни, көрсеткіш 43,4 пайызды құрайды.

Биыл бұл көрсеткішті арттыру мақсатында мемлекеттік жекешелік әріптестік бағдараламасы аясында 102 көше жарықтандырылатын болады. Нәтижесінде, жарықтандырылған көшелер саны 426-ға жетіп, 57 пайызды құрайды. Атап айтар болсақ, Абай ауданында – 23 көше, Әл-Фараби ауданында – 6 көше, Еңбекші ауданында – 37 көше, Қаратау ауданында – 31 көше жарықтандырылатын болады.

Боранбай Болатбеков, Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы: «2021 жылы 104 көше жарықтанырылса, 2022 жылы 102, ал 2023 жылы 119 көшені жарықтандыру жоспарлануда».

Шынар Оразова