«Цифрлық сауаттылық бойынша тегін курс өтеді»: Қалай тіркелу керек?

1004

Шымкент тұрғындары үшін «Цифрлық сауаттылық» курсының бейнесабақтары тегін  беріледі. Бұл туралы қалалық цифрландыру басқармасы әлеуметтік парақшасында хабарлады. Аталған онлайн курста интернет пен гаджеттердің мүмкіндігі және үйден шықпай-ақ тауарларды сату мен сатып алу техникалары үйретіледі.

Жалпы, курс арқылы цифрлық сауаттылықты арттыруға болады. Сондай-ақ мемлекеттік органдардың ресми сайттарын, яғни ашық дерек көздерді қалай пайдалануға болатыны айтылады. Деректі сақтау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді үйренуге мүмкіндік бар.

«Оқу 5 бағытты қамтиды. Курс барысында негізгі цифрлық дағдылар, «Электрондық үкімет» және «Ашық үкіметті» пайдалану дағдылары, «Электрондық сауда» және «Киберқауіпсіздік» бойынша өз білімдеріңізді арттыра аласыздар!»,-делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, бұл курсты Шымкент қаласының кез-келген тұрғыны оқи алады. Ол үшін «I-SHYMKENT.KZ» қаланың бірыңғай цифрлық экожүйесіне ЭЦҚ арқылы тіркеліп, «Цифрлық сауаттылық» мәзірін таңдау қажет. Осы қадамдарды жасау арқылы тегін оқу курсынан өтіп, сертификат алу мүмкіндігі бар. Қапы қалмаңыз.

                                                                                        Мөлдір Ибадуллаева