Банктегі депозиттерін теңгемен ұстайтын азаматтарға бюджет есебінен 10 пайыздық өтемақы төленеді. Ұлттық банк мүшелерінің қатысуымен Үкіметте өткен жиында осындай шешім қабылданды.
Бір реттік бағдарлама кепілдік беру жүйесіне кіретін екінші деңгейлі қаржы ұйымдары мен Отбасы банкіндегі депозиттерді қамтиды. Өтемақы депозитте 23 ақпанға дейін салынған ақшаға ғана есептеледі. Алайда жинақ сомасы 20 миллион теңгеден аспауы керек.
Сыйақыдан жеке табыс салығын төлеудің қажеті жоқ. Бірақ, депозиттегі жинағын алып кететіндерге өтемақы берілмейді. Мерзімі аяқталған депозиттердің мерзімін ұзартуға тура келеді.
Шынар Оразова