Депутаттар халық алдына келді

138

«НҰР ОТАН» партиясының халық қалаулылары тұрғындармен кездесті. Парламент Мәжілісі және мегаполис депутаттары бүгін бірнеше сайлау учаскесін аралап шықты. Тұрғындардың басым бөлігі коммуналдық-әлеуметтік мәселелерді көтеруде. Мәжiлiсмен Берiк Бекжанов барлық мәселе жіті қаралып, тиісті шешімдер қабылданады деп сендiрдi.

Тұрғындар өз өкілдеріне жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан мәселелерін айтып, кейбірі инфрақұрылымның проблемасын шешуді, енді бірі көшеге атау беруді сұрады.

«Бізде көп мәселе бар, жол салу үшін қалыпты канализация керек. Біз партияластарға бір емес бірнеше рет шағымдандық, жергілікті билікке де жүгіндік, олар уәде ғана береді», дейді тұрғындар.

Мәжілісмен барлық сауалдар әкімдік пен елордаға жеткізіледі деп сендірді. Ал,тұрғындар көтерілген мәселелер шешімін табады деп үміттенеді.

Берік Бекжанов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты: «Мен сізді естідім, барлығын тиісті органдарға хабарлаймын. Мәселелердің қалай шешілетінін қадағалайтын боламыз».

Халық мәжіліс депутатына көшелерді аралап, жағдайды өз көзімен көруді ұсынды. Бірақ, Берік Бекжанов тұрғындарға барлық мәселенің шешілетініне уәде берумен ғана шектелді.

Ал мұнда депутаттар жастармен кездесті. Күн тәртібінде сан алуан мәселе бар. Жас белсенділер халық қалаулыларына жұмыссыздық проблемасына назар аударуды сұрады.

Әйгерім Жұмақұлова, Шымкент қаласы мәслихатының депутаты: «Жұмыс пен жұмысқа қатысты барлық ақпаратты кез келген жерден алуға болады. Ең бастысы, студенттер өз ісінің шебері болу керек. Сіздерге оқу керек, содан кейін нәтиже шын мәнінде болады. Бұл үшін қазір барлық мүмкіндіктер бар».

Жастар түрлі мәселелер бойынша өз ойларын білдірді. Соның бірі — әлеуметтік желі. Студенттердің пікірінше, жастарды деградацияға әкелетін дүниежүзілік желі. Олар желіні бақылауды күшейтуді ұсынды. Мәжілісмен көтерілген сұрақтардың барлығын назарға алуға уәде берді.

Гүлдана Дәурен