Шымкенттік полицейлер дүкеннен киім ұрлаған тұрғынды ұстады. Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, дүкенінен сатып алушы кейпінде келген белгiсіз әйел сатылымда тұрған киім-кешектерін жымқырып кеткен.
Яғни, былғары белдемше, кол семкесі мен пластмас құтысын қолды еткен. Аталған жайт ұрлық бабымен тіркеліп жедел-іздестіру шаралары жұмылдырылды.
Дүкендегі бейнебақылау жүйесін тексеріп, нәтижесінде күдікті қолға түсті. Ол 37 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.
Иззат Миралиев