Еуропалық журналистер Түркістанда

64

Түркістан облысына Еуропаның бірнеше мемлекетінен БАҚ өкілдері келді. Италия, Испания, Бельгия сынды бірнеше мемлекеттің танымал ақпарат құралдарының журналистері Түркістан қаласын аралап, инвестициялық жобалармен танысты.

Оларды облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірдің экономикалық-әлеуметтік даму жоспарымен таныстырды. Сондай-ақ, кездесу барысында өңір басшысы Түркістан облысын дамыту, қаланы туристік және рухани орталыққа айналдыру бағытындағы жұмыстарды баяндады.

 Гүлдана Дәурен

«Отырар TV» мен сайтымыздың @OtyrarQaz қазақша телеграм-каналына жазылыңыз.  https://t.me/OtyrarQaz