Жастар корпусын дамыту жобасы аясында бастамасын дамытуға 9 мыңнан астам адамға грант берілді. Жалпы 3 мың жобаны жүзеге асыру үшін 7 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлінді.
4 жыл бұрын бастауын алған жоба аясында жастар спорт клубтарын, тігін цехтарын, аяқ киім салондарын, нан-тоқаш өнімдерінің шағын өндірістерін ашқан. Осы мерзімде қатысушылар бизнес-тренерлерден дәріс алды және стратегиялық құжаттарды дұрыс зерттеуге, әзірлеуге бағытталған 6 тапсырма орындалды.
Гүлмира Ескендірова, жобаны басқару жөніндегі топтың үйлестірушісі: «Ең бастысы, басымдылық әлеуметтік осал топтағы жастарға берілді. Жастар өз идеяларын конкурстық комиссияға ұсынып, үш кезеңдік іріктеуден өтіп, идеяларын жүзеге асыруға мүкіндік алды. Бір миллион теңгеге дейін грант алды. 6 ай бойы жобаны жүзеге асырған кезде жастар топ болып жұмыс істеп, әр мүшесі 40-60 теңгедей стипендия алып отырды. Тәжірибе жинақтап, ой-өрістерін кеңейтті».
Шынар Оразова