Бүгіннен бастап елде картоп пен сәбіз экспортына қайта рұқсат етіледі. Қаңтардың соңында әлеуметтік маңызы бар тауар бағасын ұстап тұру мақсатында бұл өнімдерді сыртқа шығаруға шектеу қойылған.
Мемлекеттік кірістер комитеті сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарда қатысу мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссия отырысында тыйымды алып тастауға шешім шығарды.
Алайда бірінші мамырға дейін 144,5 мың тонна картоп пен 57,5 мың тонна тұқымдық картопты ел аумағынан әкетуге сандық шектеуді бір мезгілде енгізу бойынша шешім қабылданды.
Шынар Оразова