Бейнебақылаудың көмегімен Шымкенттік полицейлер көлік ұрлаған түркістандық азаматты ұстады. Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Арызында, құны 1 жарым млн. теңгені құрайтын Нексия маркалы автокөлігін белгісіз адам ұрлап кеткенін айтады.
Жәбірленушінің айтуынша, көлігінің есігі ашық тұрған, сонымен қатар кілтін көлікте ұмытып кеткен. Аталған жайтты Қаратау аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері Жедел басқару орталығына хабарлаған.
Хабарды алған қызметкерлер бейнебақылау камералардың көмегімен автокөліктің жүрген жерін анықтап,көлік ұрлаған азаматты қолға түсірді. Қазіргі таңда оған қатысты ҚР ҚК-нің 200 бабы 1-бөлiгiмен қылмыстық іс тергелуде.
Иззат Миралиев