Елімізде өткен тәулікте 2 004 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Оның 23-і Шымкентте , екеуі Түркістан облысында тіркелген.
Сонымен қатар, ел бойынша жазылып шыққандар саны 9 867-ге жетіп отыр. Оның алтауы шымкенттік тұрғын. Ал, Түркістан облысынан 111 адам ковидты жеңіп шыққандар қатарында. 8 ақпандағы жағдай бойынша елде 87 637 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 9 647 пациент стационарға жатқызылған. Ал,77 990 -ы амбулаториялық деңгейде емделуде.
Сала жауаптыларының айтуынша, 437 адамның жағдайы ауыр, ал 171 пациенттің халі өте ауыр. 111 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған.
Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 9 251 891 адамға жетті. Оның 2-ші компонентін 8 822 430 адам салдырды. Ал Шымкентте 597 149 тұрғын екпе қабылдаған. Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 583 267-ы алды. Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 1 046 859 , II компонентін 1 042 514 адам салдырған.
Ал эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сүйенетін болсақ, Түркістан облысы мен Шымкен қаласы жасыл аймақта тұр.
Мөлдір Ибадуллаева