Куәлігінен айырылған жүргізуші жолаушы тасымалдаған

74

Түркістан облысында «Автобус» іс-шарасы кезінде жүргізуші куәлігінен айырыла тұра жолаушыларды тасымалдаған көлік иесі анықталды

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылы 21 ақпан мен 2 наурыз аралығында Түркістан облысы аумағында жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және көлік тәртібін арттыруға бағытталған»Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Аталған шара барысында Шардара ауданының полицейлері жолаушылар тасымалдайтын «Рафик» автокөлігін тоқтатып тексереді. Нәтижесінде көлік жүргізушісінің 2017 жылы алкогольдік ішімдік ішіп, жол-көлік оқиғасын жасағаны анықталды. Содан көлік жүргізушісін Шардара ауданының соты 5 жылға көлік жүргізу құқығынан айырған. Алайда азамат көлік жүргізу құқығынан айырыла тұра жолаушылар тасымалдайтын көлікті қайта басқарған.

Аталған жайтқа байланысты тәртіп сақшылары көлік иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі «Тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару» 590-бабы 9-бөлігімен «мемлекеттік немесе міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлік құралын басқару» бойынша әкімшілік хаттама толтырып, Шардара аудандық сотына жолдады.

«Отырар TV» мен сайтымыздың @OtyrarQaz қазақша телеграм-каналына жазылыңыз.  https://t.me/OtyrarQaz