Майнерлерге салынатын салық көлемі ұлғаяды

33

Майнерлерге салынатын салық көлемі ұлғаяды. Себебі, қазір 1 киловатт энергия үшін олар небәрі 1 теңге ғана төлейді. Бірақ бірнеше облыс тұтынатын электр энергияны жаратып отыр. Ал олардың қызметінен айтарлықтай пайда жоқ. Өнім шығармайды.

Жұмыс орындарын ашпайды. Криптовалютадан айтарлықтай түсім түспейді. Қасым-Жомарт Тоқаев қордаланған мәселені көтерді. Айтып қана қоймай, тиісті қызмет түрімен айналысатын барлық фирманы 15 наурызға дейін тексеруді тапсырды.

Қаржылық мониторинг агенттігі салық кеден түсімдері мен келісімшарттарды бүге-шегесіне дейін қарап шығу керек. Ал Үкімет қысқа мерзімде олардың жұмысын реттеуге міндетті. Бұл шаралардың нәтижесі 1 сәуірде белгілі болады

Шынар Оразова