Мәнерлеп сырғанаудан шымкенттік спортшы топ жарды

87

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан кубогы мәресіне жетті. Беделді бәсекеде еліміздің Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалалары және Қызылорда, Алматы, Түркістан, Қарағанды, Ақтөбе және Атырау облыстарынан 63 спортшы бақ сынады.

Салтанатты шарада Парламент Мәжілісінің депутаты, Ұлттық конькимен жүгіру федерациясы республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Андрей Линник, «Абзал және К» толық серіктестік директоры, облыстық коньки тебу федерациясының президенті Мағжан Ералиев жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне қатысты.

Шымкент қаласынан сынға түскен саңлақтар жоғары тұғырлардан көрінді. Атап айтсақ, қыздардан I спорттық разряд бойынша Павленко Ирина, ұлдардан I спорттық разряд бойынша Бердібаев Кенан, жасөспірім қыздардан Коваленко София, жасөспірім ұлдардан Мельников Олег — бәрі жүлделі бірінші орынды иемденді.

Әлихан Файзханов

«Отырар TV» мен сайтымыздың @OtyrarQaz қазақша телеграм-каналына жазылыңыз.  https://t.me/OtyrarQaz