Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өтеді

118

ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

2022 жылғы 4 ақпан күні сағат 10:00-11:00 аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫ өтеді.

Іс-шара «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шымкент қаласы бойынша филиалының Еңбекші №2 ауданы халыққа қызмет көрсету орталығы бөлімінде, Қапал батыр көшесі №4 мекенжайында өтеді.

Қоғамдық қабылдау барысында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы М.Әлиев, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мамандары, «ОҚО талдау және болжау орталығы» қоғамдық бірлестігінің жоба жетекшісі Б.Орманов, Департамент қызметкерлері мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушыларды қабылдайды.

Қосымша сұрақтар бойынша 87252537459 телефонына хабарласуға