Мемлекеттік қызметтерді алу барынша ашық және қолжетімді

132

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 9-бабының 26) тармақшасының, 19-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларының және 20, 21 және 22-баптарының, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020г бұйрығы негізінде Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен 4 мемлекеттік қызмет:
— эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру (қызмет көрсету мерзімі — 10 жұмыс күні);

— зиянды заттар мен физикалық факторлардың шекті жол берілетін шығарындылары мен шекті жол берілетін төгінділері бойынша нормативтік құжаттама жобаларының сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру;
— халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру және олардың тізілімін жүргізу (қызмет көрсету мерзімі — 5 жұмыс күні);
-патогендігі I-IV топтағы микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру (қызмет көрсету мерзімі -10 жұмыс күні).

Барлық мемлекеттік қызметтер «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі www.egov.kz, www.elicense.kz.
Қызметке тапсырыс беру үшін, алдын ала ЭЦҚ болуы қажет, құжаттар топтамасымен танысу қажет.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болатын:
— көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

— ұсынылған объектінің санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Мемлекеттік қызметтерді көрсетілетін қызметті беруші жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, ал порталда тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда) тегін көрсетеді. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінен жүзеге асырылады.

Бүгінгі күнде мемлекеттік қызметтерді алудағы қызмет барынша ашық және қолжетімді!