Бәйдібек би даңғылы мен Ұ. Арғынбеков көшесінің қиылысында жолайырықтың құрылысы жүргізілуде. 1-ші кезеңіне жауапты мердігер мекеме – «Казахдорстрой» ЖШС-і. Құрылыс аумағының ұзындығы Бәйдібек би даңғылы бойынша — 700, Ұ. Арғынбеков көшесі бойынша – 921 метр нысанды ағымдағы жылдың соңында аяқтау жоспарланған. Жобаның сметалық құны 11,4 млрд. теңге.
Бәйдібек би мен Ұ. Арғынбеков көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысының бірінші кезеңі басталды. А. Байтұрсынов көшесіне дейінгі аралық көлік қозғалысы үшін жабылып, «Казахстройдор» серіктестігі құрылысқа 30-шы қаңтарда кіріскен. Содан бері жүріп тұруымыз қиындап кетті дейді осы төңіректегі тұрғындар.
Қазір бұл аймақта қазу жұмыстарына дайындық жүргізілуде. Өздеріңіз байқағандай техника жұмыс істеп жатыр. Құрылыс басындағы учаске бастығының айтуынша жолға төселген асфальт қабаты толығымен алынады. Сосын құрылысшылар жерді қазу жұмыстарына кіріседі екен.
Екінші деңгейі – айналма жол, үшінші- Бәйдібек би көшесіндегі жол желісі. Құрылысшылар биылғы жылдың соңына дейін құрылыс жұмыстарын аяқтап, Ұ. Арғынбеков көшесін қозғалыс үшін ашуды жоспарлап отыр.
Шынар Оразова