Офшорда жасырылған қаражат елге қайтарылуы тиіс

120

Ұлттық экономика министрлігі республиканың инвестклиматын жақсарту жолдарын қарастырып, тың тәсілдерді іздестіруде.

«Ел экономикасына қосымша инвестиция тарту үшін инвестицияның баламалы көздерін дамыту, экономиканы қаржыландырудағы банк секторының рөлін күшейту, МЖӘ тетіктерін трансформациялау, көлеңкелі экономиканы қысқарту бойынша шаралар қабылданады. Капиталы ел экономикасына қайтарылған жағдайда оған толық рақымшылық жасау мәселесі де пысықталады», – деп түсініктеме берді ведомство. Амнистия жүргізу іс-шарасы «Қазақстанның 2025 жылға дейінгі инвестициялық саясат тұжырымдамасы» атты жаңа құжатқа кіріп отыр.

Тағы бір шара – олигархтардың, қазақстандық бай-бизнесмендердің, шенеуніктердің елден әкетіп, офшорларға жасырған  қаражатын елге қайтару болмақ.

Шынар Оразова