Оқушыларға 80 млн. теңге берілмек

85

«Шымкент жастар лигасы» жобасының екінші кезеңі басталды. Жоба мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді пайдалануына жағдай жасау, спортпен шұғылдану арқылы олардың табандылығын қалыптастыру және Қазақстан Республикасының чемпионаттарына команда жасақтау мақсатында ұйымдастырылып келеді.

«Шымкент жастар лигасы» жобасының екінші кезеңіне Абай ауданынан – 37, Әл-Фараби ауданынан – 26, Еңбекші ауданынан – 35 және Қаратау ауданынан 37 білім ұйымдарынан 507 команда қатысуға өтініш қалдырған.

Ойынды ұйымдастыру үшін 420 денешынықтыру маманы жұмылдырып, 5 848 оқушы спорт түрлерінен сайысқа түсуде. Жалпы жүлде қоры 80 млн теңге.

Әр спорт түрінен бірінші орын иеленген жеңімпаз командаға 20 млн теңге қаржылай сыйлық беріледі.
                                                                                                   Мөлдір Ибадуллаева