Қаржы пирамидаларына алданғандардың саны 30 мыңнан асады

143

Қаржы пирамидаларына ақша салғандар алданып жатса, олардың қалтасын қағатындардың тапқырлығына таңқаласың. Өздерін жарнамалаған кезде «инновациялық жоба», «жоғары табысты бизнес», «бірегей, тиімділігі жоғары ұйым» деген тіркестерді оңды солды қолданады.

Әлеуметтік желіде де белсенді. Түрлі ұтыс ойын, мессенджерлерден бөлек, бірнеше топтар ашып алған. Ел бойынша қаржы пирамидасына алданғандар саны 30 мыңнан асып жығылады. Полицейлер қандай да бір ұйымдарға ақша мен мүлкін салмас бұрын, келісім-шарттың мәтінімен жіті танысып алу қажеттігін ескертеді.

Адамдардың көбі келісімшартты оқуға ерінеді, алайда , уақыт тауып ерінбей мұқият оқып шығулары керек дейді. Лицензияның барын растайтын құжаттарды тексеру аса маңызды.

Шынар Оразова