«Қазақстан халқына» қорына 115 млрд теңгеден астам қаржы жиналды. Президент бизнестен салықтық адалдық пен әлеуметтік жауапкершілік талап етілетінін еске салды. Бұл тәсілдің бір көрінісі–«Қазақстан халқына» берілетін қайырымдылық көмек. Оны қалыптастыру негізінен ірі ұлттық буржуазия есебінен жүруі тиіс. Өзге компаниялардың, соның ішінде шетелдік инвесторлардың жарналары құпталады, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент қорға ақша аудару мәжбүрлі шара емес екенін еске салды. Қазір қорға жер-жерден өтініштер түсіп жатыр. Ескеретін жайт, қордың атынан азаматтарға хабарласып, жеке мәліметтерін алған алаяқтар да көбейген. Тіпті, несие рәсімдемек болған. Қор мамандары мессенджерлер арқылы бейне немесе аудио қоңырау соқпайды.
Шынар Оразова