Қазақстандық компаниялар Иран нарығына 162 млн. доллардың тауарын жеткізуге дайын. Оның ішінде металлургия саласы, тамақ, машина жасау, фармацевтика және құрылыс материалдары бар. Бұл туралы қазақстандық бизнестің Иранға сауда-экономикалық миссиясы барысында айтылды.
Сауда және интеграция министрі Қазақстан – Түрікменстан – Иран темір жолы пайдалануға берілгеннен кейін өнім экспортының көлемі 5 есе өскенін жеткізді.
Ауыстырып тиеу мүмкіндігі шамамен 10 млн тонна жүк. Осы бағыт арқылы Қазақстанның Парсы шығанағындағы барлық мемлекеттерге шығу мүмкіндігі бар,- дейді.
Шынар Оразова