Қоғамдық көліктерге төленетін субсидия қанша төлем қабылдауына байланысты бөлінеді

38

Енді қоғамдық көліктерге төленетін субсидия қанша төлем қабылдауына байланысты бөлінеді. Ал биыл бұл салаға қала бюджетінің 12 миллиард теңге берілген екен. Бұл жайында Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар басқарма басшысы Ержан Жолдасов арнайы брифингте мәлімдеді.

Шымкентте жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктер енді кешкі сағат 21:00-ге дейін жүреді. Ал бұл талапқа бағынбағандар субсидиядан қағылады. Бұл жайлы Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысы Ержан Жолдасов айтты.

Ержан Жолдасов, Шымкент қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы: «Енді мұны міндетті түрде қадағалау үшін субцидия алатын машрурут бізде 64 машурт бар. Егерде мысал ретінде 17-маршрутты алайын. Ол «Тұраннан» шығып «Автонұрға» дейін барады. Егер ол «Автонұрда» жұмысын сағат сағат 20:00- де кетіп қалатын болса оның соңығы рейсі есептелмейді».

Қоғамдық көліктердің жұмысына қала тұрғындары жиі шағымданады. Енді олардың жұмыс кесетсінің созылуы адамдарға айтарлықтай ыңғайлы болмақ.

Брифингте Ержан Жолдасов қоғамдық көліктерге берілетін субсидия төлемнің қабылдануына қарай бөлінетінін де айтып өтті. Яғни төлем картасы көбірек қолданылған қоғамдық көлікке берілетін субсидияның көлемі де артпақ.

Ержан Жолдасов, Шымкент қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы: «Қанша төлем қабылдайды, біз соған қарай субсидия төлейміз. Жалпы субсидия биыл 12 миллиард теңгені құрап отыр. Субсидияның негізгі мақсаты халыққа сапалы қызмет көрсету».

Басқарма басшысы бұның бәрі тасымалдаушы компаниялардың жұмыс сапасы арттыру үшін жоспарланғанын айтты. Енді жаңа жүйенің қаншалықты тиімді болғаны наурыз айында анықталады.

 

Иззат Миралиев