Шымкентте бір тәулікте 25 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мегаолисте «Таза қала» профилактикалық іс-шарасы бойынша қала аумағына рейдтік жүргізілуде.
Нәтижесінде 25 тұрғынға ескерту жасалып хаттама толтырылды. Олар қала мен елдi мекен аумақтарында абаттандыру қағидаларын, сондай-ақ инфрақұрылымы объектілерін бұзған, жасыл екпелерін жойып, зиян келтірген.
Азматтарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Осы орайда, шымкенттік полицейлер қала аумағында тазалықты сақтауды сұранады.
Мөлдір Ибадуллаева