Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұсынысымен ақпан-сәуір аралығында сәбіз экспортына салынған тыйым тоқтатылды.
«Сәбіз экспортына тыйым салыну бірінші кезекте аталған өніммен ішкі нарықты толтыру, халықты аталған өніммен қолжетімді бағада қамтамасыз ету мақсатында енгізілді. Бұл ретте көкөніс сақтау қоймаларына жүргізілген скрининг республикадағы сәбіздің қоры 242,9 мың тоннаны екенін анықтады. Оның 70 пайызы жеке қосалқы шаруашылықтардың қолында. Азық-түлік тауарларының рационалды тұтыну нормаларына сәйкес, ақпан-сәуір айларында қазақстандықтарға 144,7 мың тонна сәбіз қажет. Яғни, қамтамасыз етілу 241 пайыз немесе 98,1 мың тонна сәбіз артық. Осы жайт және сәбіз сақтаудың оңтайлы мерзімінің қысқалығы экспорты тыйымын жоюға мүмкіндік береді»,- деп жазылған министрліктің баспасөз қызметі ұсынған түсіндірмеде.
Шынар Оразова