Келер жылы салықтың бірнеше түрі өңірлердің бюджетіне берілуі мүмкін. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, бұл тізімге жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы, республикалық маңызы бар ерекше қорғалған табиғи аумақтар үшін төлем, көліктердің жолда жүру алымы кіреді.
Мамандар алдағы уақытта тізім толығуы мүмкін екенін айтады. Бұған дейін Президент бюджетаралық қатынасты заңнамалық деңгейде түбегейлі реформалауды тапсырған еді.
Шынар Оразова