«Сары» аймақта Алматы мен СҚО тұр

76
фото Вивея

Елімізде өткен тәулікте 263 адамнан короновирус инфекциясы анықталды. Оның 2-і Шымкентте, 2-і Түркістан облысында тіркелді. Ел бойынша вирустан жазылып шыққандар саны 833. Оның ішінде шымкенттіктер жоқ. Түркістан облысынан 7 адам ковидты жеңіп шықты.

28 ақпандағы жағдай бойынша елде 22 314 адам қауіпті індеттен емделіп жатыр. Оның 2547-і стационарға жатқызылса, 19 767 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Сала жауаптыларының айтуынша, 185 адамның жағдайы ауыр, ал 62 пациенттің халі өте ауыр. 55 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған.

Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 9 382 851 адамға жетті. 2-ші компонентін 8 987 392 адам салдырды. Ал Шымкентте 598 994 тұрғын екпе қабылдаған. Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 586 804 адам алды.

Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 1 047 300 , II компонентін 1 045 257 адам салдырған. Ал эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша «Сары» аймақта тек Алматы мен Солтүстік Қазақстан облысы тұр. Қалған өңірлердің барлығы жасыл белдеуде.

Жанерке Хумар