Сауда дүңгіршегін ұрлап кетті

74

Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, бейтаныс азамат аялдама қасында сауда-саттық жасайтын дүңгіршегін белгісіз тұлғалар қолды етіп, ұрлап кеткендігі туралы жазып көрсеткен. Келтірілген шығын көлемі 700 мың теңгені құраған.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеген. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 35 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді. Ұрланған дүңгіршек айғақты зат ретінде тәркіленіп алынып, қолхат арқылы иесіне қайтарылды.

Қазіргі таңда аталған қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының тұрғыны анықтау басқармасының қызметкерлеріне нәтижелі жұмысына алғысын білдірді.