Шағын бизнес «Атамекен» ҰКП мүшелік жарна төлеуден босатылды

98

Шағын бизнес «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына мүшелік жарна төлеуден босатылады. Палатаның басқарма төрағасының орынбасары Нариман Әбілшайықов осындай бастама көтерді.

Айтуынша, бүгінде мүшелік жарна төлеушілердің 74 пайызы шағын бизнес өкілдері. Бірақ олардан түсетін қаржы көп емес. Небәрі 1,2 миллиард теңге ғана. Яғни, жалпы түсімнің 17 процентіне тең.

Ұлттық палата бұл қаржыны ішкі оңтайландыру шарасы аясында өтей алады. Есесіне бұл шешім қаншама шағын бизнес өкіліне қолдау болар еді. Ұсыныс ортаға тасталды. Оны жиынға қатысушы 263 делегаттың 210-ы қолдады.

Шынар Оразова