Шаңдыкөл көшесінің тұрғындары: «Көшеміз атына сай, жазда шаң, қыста көл»

181

Шымкенттің іргесіндегі Ақжар ауылы тұрғындарының билікке өкпесі қара қазандай. Айтуларынша, ауылдық округ қаланың құрамына енгенде, ел қатарлы қалалықтар сияқты жағдайымыз жақсарады деп қуанған едік. Бірақ үмітіміз ақталмады дейді.

Ақжар шағынауданындағы Шаңдыкөл көшесінің тұрғындары «шалғайда тұрғандықтан біздің мәселемізге биліктегілер басын қатырмайды»,- дейді. Округіміз төлеби ауданынан Шымкент қаласының құрамына өткенде тұрмысымыз өзгереді, өркениетке қол жеткіземіз деп үміттеніп едік. Алайда жауын жауса, белшемізден суға, жазғы аптапта шаңға батып жүрген жайымыз мынау деп ашынады тұрғындар.

Тойгүл Нұрмаханбетова, Ақжар шағынауданының тұрғыны: «Қаланың құрамына енгенімізге 5 жыл болып қалды ма, батпаққа батып жатырмыз. Ұят емес пе? Газ, су кіргізгенде  құрылысшлар барлығының тас талқанын шығарып кетті. Көшеміздің  жақсылықты істейтін халыққа әкімдіктегілер қайда осы?».

Хадиша Ормашова, Ақжар шағынауданының тұрғыны: «Калош, резіңке  етік кигенбіз барлығымыз бала шағаға дейін. Оқушыларға  обал болды. Мына көшеміз Шаңдыкөл атауына сай жазда шаң, қыста көл».

Көрші Елбегі көшесінің тұрғындары да жолдың азабын көрудеміз дейді. Айтуларынша қар ерісе, жауын жауса далаға шығуы қиындайтын көрінеді. Жауын суы арығы жоқ көшемізден ақтарыла ағып, ауланы толтырып, тіпті үйдің іргетасын күйретіп жатыр дейді.
Әтіркүл Зиябекова, Ақжар шағынауданының тұрғыны: «Көшенміздің сиқы мынау. Су басқаны соншалықты үйге кіріп – шыға алмаймыз. 40 жыл болды тұрғанымызға. Мына  негізгі көшеміз де тар,  2 көлік қатарынан болып қалса, мектепке бара жатқан оқушы балаларымыз балшыққа батып құлап, үйге қайтқан күндері болды. Не тротуар, не арық жоқ».

Бір күн алдын елдімекендерді аралаған Абай ауданының әкімі көшелердің жағдайлары сын көтермейді. Олардың арасында Ақжар елдімекенінің орналасқан жері қырлы- сайлы болғандықтан ауылдың шетіндегі көшелерді су басып қалатыны рас дейді.

Бұхарбай Парманов, Абай ауданының әкімі: «Ол елдімекендерді транспорт басқармасымен бірге, осы көшелердің барлығына асфальт салуға оның барлығын жобаға енгіздік. Енді биыл осы жұмыстар басталады деп жатырмыз»

Аудан басшысының пайымдауынша ирригациялық жүйелер бойынша арықтары жоқ, бар болса қоқыспен толған немесе коммерциялық нысандар салынып кеткен 34 жер анықталыпты. Бұл мәселені шешу үшін 170 млн теңге қаржы керек екен.

«Ақжар және 12 жерге ұзындығы 17 шақырым басқа елдімекендерде де бар. Құрсайда да бар қала орталығында Жаңа талап аумағында Самал 1,2 Ақжар елдімекендерінің сметалық құжаттарды біз жасап, талдау жұмыстарын жасап, 2022 жылдың жобасына ұсынамыз» дейді аудан басшысы.

325 мың халық мекен ететін Абай ауданында 34 елдімекен бар. Ол елдімекендерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету кезең-кезеңімен жүргізілуде. Ақжар шағынауданында сапалы ауыз су бар , ағаш бағаналары темірбетонды бағаналармен алмастырылып, жаңа электр желілері тартылған. Табиғи газ да келді.

Тұрғындар сабырлық танытса ағымдағы жылы көшелер тегістеліп, бір екі жылда ирригациялық жүйелері де дұрысталады,- дейді әкім

Шынар Оразова