Шаруа қожалықтарына мемлекеттік қолдау қажет

136

Шаруа қожалықтарына арналған мемлекеттік қолдау жоқтың қасы. Қосалқы шаруашылықтар өндірген өнімнің пайдасын арадағы делдалдар көреді. Сенат депутаты Әбдәлі Нұралиев Үкімет басшысына жолдаған сауалында салаға қатысты бірқатар мәселе көтерді.

Мәселен, Қазақстанда 1,6 мыңнан астам қосалқы шаруашылық бар. Онда табыс деңгейі төмен 3,5 миллионнан астам адам еңбек етеді. Олар жылына орта есеппен 2,5 трлн теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіріп, елдегі азық-түлік қорын қамтуға үлес қосып келеді. Осы азаматтардың әл-ауқатын арттыру үшін шаруашылықтарды барынша қолдау қажет.

Әсіресе, егіс алқабының құрылымын әртараптандырып, жемшөп, жарма, бұршақ және майлы дақылдар алқабын кеңейтумен айналысатын қожалықтар демеуге зәру,-дейді сенатор.

Әбдәлі Нұралиев, ҚР Сенат депутаты: «Ауыл шаруашылығының өндірісін мемлекеттік қолдауды түбегейлі өзгерту керек деп есептейміз. Несиелік үстеме пайыздарын 23%-ке дейін төмендету, қосалқы шаруашылықтарға арналған шағын несие көлемін ұлғайту, субсидияларды нақты алынған өнімге байланысты шаралар қарастырылуы тиіс».

Шынар Оразова