Шымкент: №2 қалалық ауруханасының дәрігерлері инфаркт алған науқасты аман алып қалды

238

 №2 қалалық ауруханасында инфаркт алған науқасқа алғаш рет шұғыл түрде жүрек қан тамырларына стенд қою отасы жасалды. Заманауи әдіспен жасалған ота аурухананың бас дәрігері Асқар Рахматалиевтің жетекшілігімен өтті.

16-ақпан күні сағат кешкі 21-00 шамасында ауруханаға өз шағымымен Сарыағаш ауданының 64-жастағы егде жастағы кісі медициналық көмекке жүгінген болатын. Науқас өз шағымында жүрек тұсында қатты ауырсынуды айтып, мазасызданып жатқанына шағымданған. Тексеру барысында науқастың инфаркт алғаны анықталған. Мұндай кезеңде дәрігерлер оның өмірін аман алып қалуға 10 және 60 минут аралығында уақыттары болған.

Отаны неғұрлым ерте жасау науқастың өмірін алып қалуға және мүгедекті алдын алуға зор септігін тигізеді. Науқасқа бұдан алдында нақты 2015 жылы стенд қойылған.

Дәрігерлер науқасқа толық тексеру жасап болған соң ангеографиялық зерттеу орталығына кіргізіп, ота жасауға көшкен.

“Ота науқас кіргеннен сәттен бастап 20 минут ішінде сәтті түрде жасалды”-дейді №2 қалалық ауруханасының бас дәрігері Рахматалиев Асқар.

Қазір науқастың жағдай жақсы. Өзін жақсы сезінуде.Бір екі күннің ішінде пациент ауруханадан шығарылады деп жоспарлануда. Айта кетейік, тіліксіз жасалған операция кезінде дәрігерлер наркоз қолданбай, жергілікті анестазияның көмегімен жабық түрде ота жасады.