Шымкент: 133 кәсіпкерге 2,3 млрд. теңге субсидия бөлінген

138

Шымкентте ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында 133 кәсіпкерге 2,3 млрд. теңге субсидия бөлінген. Бүгінде қала көлемінде 3,5 мыңнан астам шару қожалығы бар.

Өткен жылы 24 инвестициялық жоба іске асырылып, өнім көлемі 102 пайызға артқан. Сонымен қатар, 29,8 мың га егістік егіліп, 85,4 мың тонна өнім жиналған.

Алдағы 5 жылда ауыл шаруашылық өнім көлемін 2 есеге арттыру жоспарланып отыр. Нәтижесінде 198 гектар аумаққа өнеркәсіптік жылыжай салынып, 241 жұмыс орны құрылып, 6 жоба іске асады. 2022 жылы қосымша сауда-логистика аймағында 4 жаңа қойма мен 1 көтерме-тарату орталығының құрылысы жүргізіледі.

 Гүлдана Дәурен