Шымкент: 15 күнде 3 мыңнан аса құқық бұзушылық анықталды

64

Шымкентте 3 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды. Мегаполисте жедел жағдайды сауықтыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ төтенше жағдайдың салдарын жою жөнінде шаралар қабылдау мақсатында ағымдағы жылдың 19-қаңтарынан бастап «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел алдын алу іс-шарасының екінші кезеңі өткізілуде.

Тәртіп сақшылары 15 күнде 3025 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтаған.

Атап айтқанда, ұсақ бұзақылық бойынша – 944, қоғамдық орында мас күйде болу немесе спирттік ішімдік ішкен – 471 азамат анықталған.

Ал ҚР тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжатсыз тұру бойынша – 1417, шетелдік азаматтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған – 129, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін – 39, көлік құралын алкогольдік мас күйде басқарған – 24 тұлғаға хаттама толтырылды.

Сондай-ақ, есірткі затын тасымалдау және сақтау бойынша — 21 жайт анықталған.

                                                                                               Мөлдір Ибадуллаева