Шымкентте «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша өткен жылы 403, ал биыл 413 квота бөлінген. 2021 жылы экстракорпоральді ұрықтандыру бағдарламасымен 105 келіншек жүктілік бойынша есепке алынған.
Қала бойынша «Аңсаған сәби» бағдарламасы негізінде «Ecomed-Шымкент», «IRM-Шымкент» және «Доктор Тарарака» репродуктивтік орталықтары қызмет көрсетіп отыр. Бүгінде Шымкент қаласы бойынша тізімге 556 әйел тіркелген.
Биылғы қаралған квотаның 98-і кезектегі жұптарға беріліп, қазіргітуақытта алғашқы 3-еуі оң нәтиже көрсетіп отыр.
Гүлдана Дәурен