Шымкент: Жеңіл көлік өртеніп кетті

68

Оңтүстік мегаполисте жол апаты орын алып, Audi көлігі өртеніп кетті. Оқиға 11 ақпан күні кешкі уақытта «Оңтүстік» индустриялық аймағы маңындағы Қапал батыр көшесінде болған.

ОТЫРАР телеарнасының «Жедел шақырылым» бағдарламасының тілшілерінің хабарлауынша, жолда екі көлік соқтығысқан. Адамдар салоннан шығып үлгерген.  Сол арада  көліктердің бірі өртеніп кеткен.

Оқиға орнында зардап шеккендер жоқ. Екі адам жеңіл жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта апаттың себептері мен мән-жайы анықталуда.