Шымкентте маскүнем санатымен 3 мың, нашақор санатымен 900-ға жуық азамат есепке алынды. Сондай-ақ, бір апта ішінде 600-ден аса құқық-бұзушылық тіркелді. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді.
Үшінші мегаполисте отбасы-тұрмыстық қарым-қатынас бойынша ауыр және аса ауыр қылмыстарға жол бермеу мақсатында қалалық Полиция департаменті 24-30 қаңтар аралығында “Тұрмыс” жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. Шара барысында ІІО есебінде тұрған 5910 адам мекенжайы бойынша тексерілді.
Отбасында құқық бұзғаны үшін 1220 адамға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылса, 297 тұрғынның мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленді. Маскүнем санатымен – 2990, нашақор санатымен – 852, жайсыз отбасы санатымен – 395 адам есепке алынды.
Сондай-ақ қала бойынша бір аптада 618 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша – 22, ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) – 21 жайт тіркелген.
Бұдан басқа ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуы) бойынша – 268, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша177, ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабы (Қорғау нұсқамасын бұзу) бойынша – 13, ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша – 102 тұлға анықталған.
Мөлдір Ибадуллаева