Шымкентте бірнеше автобустың қозғалыс бағыты өзгереді

169

Шымкентте Ұ. Арғынбеков пен Бәйдібек би көше қиылысындағы жолайырық құрылысына байланысты, №92, 104, 141 және 146 маршруттардың қозғалыс сызбасы өзгереді.

Қ. Қазиев көшесінен Ұ. Арғынбеков көшесіне бұрылатын №92 маршрут енді Тынышбай ата көшесі арқылы А. Байтұрсыновпен қатынайды.

Ал Бәйдібек би көшесі арқылы А. Байтұрсынов көшесіне бұрылатын №104 қоғамдық көлік қазір Т. Рысқұлов көшесі арқылы А. Байтұрсынов көшесіне бұрылады.

Сондай-ақ, Қазиев көшесімен Ұ. Арғынбеков көшесіне бұрылып тіке жүретін 141 және 146 бағыттың жол сызбасы алдағы уақытта Т. Рысқұлов көшесімен С. Бәйтереков көшесі арқылы Ұ. Арғынбековке түседі.

Сала жауаптылары, қала тұрғындарынан уақытша қолвйсыздық үшін түсіністік танытуға шақырды.

                                                                                            Мөлдір Ибадуллаева