Шымкентте карантиндік шектеу жеңілдеді

89

ҚАУЛЫ

Шымкент қаласы 19.02.2022ж. № 7

Шымкент қаласының аумағында коронавирустық
инфекцияның таралуын
алдын алу бойынша шектеу шараларын жеңілдету туралы

Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Абдиманап Кошкарович Тулебаев, Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 104 бабына, «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы №36 қаулысына (бұдан әрі — ҚР БМСДҚ №36), «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі №38 қаулысына (бұдан әрі — ҚР БМСДҚ №38), «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі №42 қаулысына (бұдан әрі — ҚР БМСДҚ №42), «Білім беру ұйымдарында шектеу іс-шараларын алып тастау туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 10 ақпандағы №8 қаулысына (бұдан әрі — ҚР БМСДҚ №8), «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 18 ақпандағы №10 қаулысына (бұдан әрі — ҚР БМСДҚ №10), «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №293/2020 бұйрығына, «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысына сәйкес, COVID-19 сырқаттанушылығының және вирустық пневмония ауруының тіркелуінің және халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуының одан әрі алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Шымкент қаласында карантин режимі және коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі шектеу шаралары эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылсын.
2. Шымкент қаласының тұрғындарына және қонақтарына:
2.1. қоғамдық орындарға (оның ішінде қалалық қоғамдық көлікте жүргенде) және қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ, ашық ауада орналасқан қоғамдық орындарда болған кезде (5 жасқа дейінгі балаларды және ашық ауада спортпен шұғылдануды қоспағанда) бетперде кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптар қатаң сақталсын.
3. Шымкент қаласының әкімі, Шымкент қаласының білім беру басқармасына, барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарына, мемлекеттік органдар, Шымкент қаласында меншік иесіне қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындар, заңды тұлғалар және кәсіпкерлік субъектілер карантин кезеңінде келесі шараларды қамтамасыз етсін:
3.1. ҚР БМСД №42 қаулысының 1-қосымшасына сәйкес шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің қызметін қайта бастау;»
3.2. осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу өлшемшарттарына сәйкес шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіне «Ashyq» жобасына қатыспайтын объектілердің қызметін қамтамасыз етсін;
3.3. сауда орындарында, халыққа қызмет көрсету саласындағы нысандарда және адамдар көп жиналуға мүмкіндігі бар орындарда күнделікті дезинфекциялық іс-шараларды жүргізуді;
3.4. саяжайлардың, скверлердің, жағалаулардың жұмысын қалыпты режимде жүргізуді;
3.5. медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарда, мүгедек балаларға арналған, интернат типіндегі оқу орындарында санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды қамтамасыз етсін. Әлеуетті ата-аналар берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжатты ұсынған кезде жетім балаларды одан әрі асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін олармен кездесуге сәбилер үйлері мен балалар үйлеріне баруға рұқсат етіледі.
Берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжатты ұсынған кезде келушілердің, ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының медициналық-әлеуметтік объектілерге (қарттар, мүгедектер үйлері, балалар үйлері және басқалар) баруына рұқсат етіледі;
3.6. 2021-2022 оқу жылында штаттық форматта барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында оқуды ҚР БМСД №36 қаулысына сәйкес қамтамасыз етілсін;
3.7. «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін жұмыс және демалыс күндері уақыт бойынша шектеулер белгілемей жұмыс режимін;
3.8. осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін келушілерде бейтарап («көк») немесе қауіпсіз («жасыл») мәртебе болған жағдайда;
3.9. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес уақыты мен саны бойынша шектеу арқылы қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне рұқсат.
4. Шымкент қаласының әкімдігіне, Шымкент қаласының аудандарының әкімдіктеріне, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына, Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына, Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармаларына, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына, ҚР ДСМ «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Түркістан облысы бойынша филиалына, денсаулық сақтау субъектілеріне, меншік иесіне қарамастан жеке кәсіпкерлік субъектілеріне:
4.1. адамдардың аялдамаларда және қоғамдық көліктерде шоғырлануын болдырмау мақсатында қарбалас сәтте желіде көлік құралдарының (автобустардың, шағын автобустардың) саны көбейтілсін, қалған уақытта қозғалыстың біркелкі кестесі ұйымдастырылсын;
4.2. адамдар көп жиналатын жерлерді, соның ішінде қоғамдық көлікті, автобус аялдамаларын, аулалардағы балалар алаңдарын, басқа қоғамдық орындарын, қала аумағын дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, карантин аяқталғанға дейін залалсыздандыру жұмыстары күн сайын жүргізілсін;
4.3. Шымкент қаласының аумағында, мөлтек аудандардың, тұрғын үй алаптарының, көп қабатты тұрғын үйлердің, ұйымдардың аумағында және қоқысқа арналған алаңшалары жоспарлы түрде үнемі тазартылсын, күнделікті тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстар шығарылсын және қоқысқа арналған контейнерлерді тазартып, дезинфекциялау мен жуу жүргізілсін;
4.4. инфекциялық стационарлардың аумағын күнделікті дезинфекциялау құралдарын қолданып залалсыздандыру іс — шараларын жүргізу қамтамасыз етілсін;
4.5. тұрақты түрде, Шымкент қаласы бойынша меншік иесіне қарамай барлық зертханалық зерделеу ауқымын жүйелендіріп, ПТР тестілеудің, ПТР-зерттеу бойынша есебін, бірыңғай бағдарламаға енгізіп интеграциялауымен қамтамасыз етсін;
4.6. медициналық ұйымдарда аймақтандыруды, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтауды және жеке қорғаныш заттарымен қамтамасыз етілсін.
5. Меншік иесіне қарамастан Шымкент қаласының ұйымдары мен кәсіпорындарының басшыларына, жеке кәсіпкерлерге және жеке тұлғаларға карантин уақыты кезеңінде:
5.1. Халыққа қызмет көрсету үшін көзделмеген үй-жайларда жалғыз болған қызметкерлерді қоспағанда, бетпердені пайдалану талаптары қатаң сақталсын;
5.2. қызметін жүзеге асыратын барлық нысандарда күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим қамтамасыз етілсін (қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату, дезкілемшелерді төсеу, ғимараттың ішін залалсыздандыру құралдарын қолданумен күніне кемінде екі рет ылғалды жинау, желдету) жүргізілсін;
5.3. персоналдар мен келушілердің санитариялық-карантиндік талаптарды және шектеу шараларын сақтауы қамтамасыз етілсін, персоналдар мен келушілердің санитариялық-карантиндік талаптарды және шектеу шараларын сақтауына бақылау күшейтілсін;
5.4. атқаратын қызметі ҚР БМСДҚ бекіткен алгоритмдерге сәйкес жүргізілсін;
5.5. барлық нысандарда, оның ішінде қоғамдық көлікте, таксиде санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы және дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу қамтамасыз етілсін;
5.6. қоғамдық көліктерде, таксилерде, өндірістік аймақтарда, азық-түлік және азық-түлік емес базарларда және басқа да қоғамдық орындарда санитариялық-дезинфекциялық өңдеуді қамтамасыз етсін;
5.7. «Ashyq» жобасына қатысатын субъектілер қызметін, «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 18 ақпандағы №10 қаулысына сәйкес жүзеге асырады;
5.8. Қоғамдық көлікке жүктемені азайту мақсатында ұйымдарда (кәсіпорындарда) сараланған жұмыс кестесі енгізілсін.
6. Шымкент қаласының аудан әкімдері, Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығына және Шымкент қаласының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармаларының басшыларына:
6.1. әкімдіктер жанындағы мобилді топтардың күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық жұмыс режимін, эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтауға мониторингті және объектілерге іріктеп тексеру жүргізілсін;
6.2. карантин кезеңінде белгіленген шектеу іс-шараларын және басқа да талаптарды бұзу, орындамау анықталған кезде, тиісті әкімшілік шаралар, оның ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерге сәйкес нысандардың қызметін тоқтата тұру жөнінде шаралар қолдансын. 7. Шымкент қаласының әкімдігі, Шымкент қаласы аудандарының әкімдіктері, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, Шымкент қаласының санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармалары, Шымкент қаласы полиция департаменті, Шымкент қаласының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасы, кәсіпкерлік субъектілері және жеке тұлғалар қамтамасыз етсін:
7.1. төмендегі ұйымдардың/объектілердің COVID-19-ға қарсы вакцинациялауды алмаған (соңғы 3 ай ішінде COVID-19-мен ауырып жазылған және тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда) қызметкерлер үшін күндізгі режимде жұмысқа жіберілуін шектеу:
— қызмет көрсету жөніндегі объектілердің (халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), «Қазпошта» АҚ бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығының объектілері, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, айырбастау пункттері, ломбардтар, сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау орындары, кір жуу орындары, фитнес, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, СПА және массаж салондары/орталықтары/кабинеттері, моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар, типографиялық көрсетілетін қызметтер, тігін ательесі, фотосалондар, аяқ киім шеберханалары, гүл дүкендері, аяқ киім, киім жөндеу, ұйымдастыру техникасын жөндеу жөніндегі сервис, нотариус, бухгалтер және консалтинг, маникюр және педикюр, косметологиялық қызметтерді көрсету жөніндегі объектілер, өзге де объектілер);
— халық тұтынатын өнімдердің және тауарлардың көтерме және бөлшек саудасы (сақтау) объектілерінің, оның ішінде базарлардың, сауда үйлерінің, сауда желілерінің, сауда-ойын-сауық орталықтарының, дүкендердің, шағын маркеттердің, супермаркеттердің, гипермаркеттердің;
— мәдениет және демалыс объектілерінің (музейлер, музей-қорықтар, кітапханалар, концерттік ұйымдар, филармониялар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, галереялар, көрмелер, цирктер және басқа да мәдени-демалыс ұйымдары);
— халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы объектілердің (қонақ үйлер, отельдер, хостелдер, мотельдер, жатақханалар, кемпингтер және тағы басқалар);
— жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ұйымдардың, әуежайлардың, теміржол, автомобиль вокзалдарының, автостанциялар/автоөтпе жолдарының, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің;
— білім беру және тәрбиелеу ұйымдарының, оның ішінде білім беру дамыту және түзету орталықтарының (ересектер мен балаларға арналған), оқу-өндірістік комбинаттардың және басқа да мектептен тыс ұйымдардың;
— санаторий-курорттық және сауықтыру мақсатындағы объектілердің (санаторийлер, демалыс үйлері/базалары/аймақтары, профилакторийлер, балалардың сауықтыру лагерлері (мектеп жанындағы, қала сыртындағы), туристік базалар және басқалар);
— қоғамдық тамақтану объектілерінің, оның ішінде ұйымдасқан ұжымдарда орналасқан, сондай-ақ тамақ жеткізуді жүзеге асыратын объектілердің, стрит-фудтардың;
— барлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік объектілердің (қарттар, мүгедектер үйлері, сәбилер үйлері және басқалары);
— денсаулық сақтау ұйымдарының, оның ішінде зертханалардың;
— дәріхана ұйымдарының;
— тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық объектілерінің (сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, аумақтарды жинау және қалдықтарды шығару, үй-жайлар мен аумақтарды дезинфекциялық өңдеу бойынша ұйымдар, авариялық-құтқару қызметтері, ПИК , МИБ және басқалары);
— экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдардың;
— демалыс объектілерінің, ойын-сауық ойын объектілерінің (компьютерлік клубтар, бильярд залдары, боулингтер, ойын-сауық орталықтары/саябақтары, аттракциондар, аквапарктер, караоке, лотерея клубтары және лотерея билеттерін сату жөніндегі өзге де пункттер/нүктелер және басқалар);
— байланыс және телекоммуникация объектілерінің;
— өнеркәсіптік кәсіпорындардың және өзге де ұйымдасқан ұжымдардың.
7.2. осы қаулының 7.1.тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың вакцинацияланбаған жұмыскерлері үшін (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) (7 күнде 1 рет) міндетті ПТР-тестілеу. 7.3. «InfoKazakhstan.kz» сайтынан электрондық форматта берілетін санитариялық нормаларға сәйкестік Актісі негізінде нысандардың қызметін қайта бастауды;
7.4. қоғамдық мониторинг мүмкіндігі үшін нысанның кіреберісінде санитариялық нормаларға сәйкестік Актісін көрнекті жерге орнатуды; 7.5. шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде нысандардың жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен танысу үшін «InfoKazakhstan.kz» сайтында жұмысы туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды хабардар етуді;
7.6. бұзушылықтарды жою үшін кәсіпкерлердің уақтылы шаралар қабылдауы мақсатында шағымдарды және карантин режимін бұзу фактілерін орналастыру үшін «InfoKazakhstan. кz» сайтын пайдалануды;
7.7. шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде нысандардың жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді жүзеге асыратын инспекторлардың, аудиторлық ұйымдардың тізімін «InfoKazakhstan.kz» сайтына орналастыруды;
7.8. кәсіпкерлік субъектілер «InfoKazakhstan.kz» сайтындағы нысанның паспортына келушілердің үй-жайларды жоспарлы толтыруы туралы мәліметтерді енгізу (шектеу іс-шараларын, оның ішінде ҚР БМСДҚ қосымшаларында айқындалған карантинді енгізу кезеңіндегі нысандардың қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес, 1 адамға белгіленген алаң ескеріле отырып айқындалады және енгізіледі);
7.9. нысандар белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде бизнес нысандарының қызметін қайта бастауға арналған Акті «InfoKazakhstan.kz» электрондық портал арқылы электронды түрде берілсін;
7.10. коронавирустық инфекциясын алдын алу мақсатында жұмысын қайта бастаған нысандарға, санитариялық-дезинфекциялық іс-шараларды және санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақтауы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.
8. Шымкент қаласының әкімі, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысына, Шымкент қаласының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасы, ұлттық компаниялардың, ұйымдардың, меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында осы қаулының 7.1. тармағында белгіленген салаларда қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың басшылары:
8.1. (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші және екінші компонентімен профилактикалық егулерді және ревакцинацияны жүргізуді ұйымдастырсын;
8.2. профилактикалық егулер мен ревакцинацияны жүргізу қажеттілігіне ерекше назар аудара отырып, COVID-19 жаңа коронавирустық инфекциясының профилактикасы мәселелері бойынша жұмыскерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейтсін.
9. Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысына:
9.1. Шымкент қаласына вакцинаны жеткізудің жоспарланған көлемін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 «Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясы жөніндегі санитариялық- эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс — шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы», Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 11 «Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулыларына сәйкес КВИ-ға қарсы вакцинациялауды және ревакцинациялауды жалғастырсын:
— студенттерге;
-созылмалы аурулары бар адамдарға (қант диабеті, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары);
— тіркелген жері бойынша басқа адамдар.
10. ҚР ДСМ «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Түркістан облысы бойынша филиалына:
10.1. Шымкент қаласының білім басқармасының «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына және Шымкент қаласының «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін «Самғау сенім орталығына» түскен тұлғаларды ПТР тестілеуімен тексеру қамтамасыз етілсін.
11. Күші жойылды деп танылсын:
11.1. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 11.02.2022 жылғы № 6 қаулысы.
12. Қаулының талаптарын, нысанның меншік иесіне қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті.
13. Осы Қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын, барлық мүдделі ведомстволар мен ұйымдардың назарына жеткізілсін және әлеуметтік желілер арқылы таратылсын.
14. Осы Қаулының орындалуын бақылауды өз құзырымда қалдырамын.
15. Осы Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Шымкент қаласының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері А.Тулебаев