Шымкентте педофил жұмбақ жағдайда қайтыс болды

100

Шымкентте тұтқын жұмбақ жағдайда қайтыс болды. Оқиға ИЧ-167/2 барынша қауіпсіздік мекемесінде болған.

Белгілі болғандай, марқұм сол жерде  – кәмелетке толмаған баланы зорлағаны үшін жазасын өтеп жатқан. Алдын ала мәлімет бойынша, сотталушы құлағаннан кейін ауыр жарақат алған. Ауруханаға түсіп, шұғыл ота жасалған. Бірақ дәрігерлер тұтқынды аман алып қала алмады. Қазір прокуратура тексеріп жатыр. Егжей-тегжейлерді қадағалау органы жария етпейді. Тергеудің объективтілігі үшін бұл іске жергілікті адам құқығын қорғау ұйымдары да қосылды. Қылмыстық атқару жүйесі департаментінде де тексеру тағайындалды. Олар колониядағы оқиғаға қатысты пікір білдірмеді, тек баспасөз хабарламасын берді.

«Аталған факті бойынша түзеу мекемесіне тергеу-жедел тобы, прокуратура қызметкерлері келді. Сотқа дейінгі тергеу басталды, қызметтік тексеру жүргізілуде. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда», — делінген Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша департаментінің хабарламасында.