Шымкентте үйден өрт шығып, анасы мен қызы күйіп қалды

151

Күні кеше сағат 16:27 — де Қаратау ауданы, Қайнар бұлақ саяжайында Қайыңды  көшесіндегі үйден өрт шықты. Тілсіз жау тұрғын үйдің 56 шаршы метрін шарпыды.

50 литрлік газ баллонының шлангінің ақауы салдарынан жарылған. Өрт сөндірушілер  газ баллонды қауіпсіз жерге шығарды. Өрт салдарынан 2016 жылы туған қыздың аяғын, бетін және арқасын күйік шалған.  Шымкент қаласындағы аурухананың күйік бөліміне жатқызылды және оның 29 жастағы анасы бетінің 2 пайызын күйік шалған, бірақ анасы ауруханаға жатудан бас тартты.

Өрт 16:54-те оқшауланып, 16:59-да сөндірілді. Өртті сөндіруге 17 қызметкер мен 3 бөлімше жұмылдырылды.