Шымкентте жыл басынан бері 159 шулы көршілер жауапқа тартылды

189

Түнгі уақыттағы көңілді отырыстар, жаңғырған әуен, пәтердегі жөндеу жұмыстары, айқайлар азаматтардың тыныштығын бұзу болып табылады.

Дәл осы сынды құқық бұзушылықтар туралы хабарламалармен мегаполис полицейлеріне көпқабатты үйлердің тұрғындары жиі хабарласады. Олардың айтуынша, шулы көршілер сергітпейтін ұйқы мен стрестік жағдайлар туындатады, ал мазасыз көршілерді өз бетінше тыныштандыруға бағытталған әрекеттер әрдайым оң нәтиже бермейді.

Осылайша, ағымдағы жылдың басынан бері учаскелік полиция инспекторларымен Шымкент тұрғындарының түнгі тыныштығын бұзғаны үшін 159 азамат жауапқа тартылды.

Олармен алдағы уақытта мұндай құқық бұзушылықтарға жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізіліп, ұқсас жайттар қайталанған жағдайда салынатын әкімшілік айыппұлдар туралы түсіндірілді.

ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабына сәйкес, жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін тыныштықты бұзу, оның ішінде тұрғынжайда және оның сыртында шұғыл қажеттілікпен байланысы жоқ шу шығаратын жұмыстарды жүргізу, сол сияқты тұрғын ғимараттарда және тұрғын үй құрылысы аумақтарында орналасқан ойын-сауық орындарының жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін тыныштықты бұзуы жеке тұлғаларға – 5, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 20, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 30, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

Егер аталған тәртіп бұзушылық әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталанса жеке тұлғаларға – 10, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 40, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 60, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 150 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Түнгі тыныштығыңыз бұзылған жағдайда, 102 нөміріне қоңырау шалып, полицияға жүгінуге және учаскелік инспекторды шақыруға құқылы екеніңізді хабарлаймыз.