Шымкенттік әйел әуежайда 4 мың доллар салынған сөмкесін ұмытып, Түркияға ұшып кеткен

159

Шымкенттік әйел Түркістан әуежайында ірі қаражаты бар сөмкесін ұмытып, Түркияға ақшасыз ұшып кеткен, деп хабарлайды ОТЫРАР.

Ұмытшақ әйелге Түркістан облысының көлік полицейлері көмектесіп, ірі көлемдегі ақшамен  сөмкені тауып алып, қайтарып берді. Осы оқиғаға орай Көліктегі ДП басшылығының атына Шымкент қаласының тұрғыны хат жолдады. Онда әйел қиын жағдайда қол ұшын созған полиция қызметкерлеріне шексіз алғысын білдірді.

Әйелдің айтуынша, 7 ақпан күні Түркістан қаласының әуежайында Түркістан-Стамбул рейсіне мінген кезде сөмкесін тастап кеткен. Оның ішінде ірі көлемдегі ақша – 4 мың АҚШ доллары болған.

Көлік полициясының қызметкерлері Нұралы Нұржігіт пен Қайрат Құшан олжаны дер кезінде анықтады. Асыл жігіттер ақшасы бар сөмкені заңды иесіне қайтарып берді.