Түркістан облысының таулы аудандарында тұрақты қар жамылғысының орнатылуымен тауларда демалушылар, туристер және экстремалды демалыс түрлерін ұнататындар саны артып келеді.
Қазіргі уақытта Түркістан облысының таулы аудандарында жауын-шашын болжамына, ауа температурасының тәуліктік ауытқуына, қар жамылғысының едәуір өсуіне (15 см-ден астам) және боранға ауысуына байланысты қар көшкінінің өздігінен түсуі байқалуы мүмкін.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты, Түркістан облысы мен Шымкент қаласы тұрғындары мен қонақтарын, таудағы түрлі спорт түрімен айналысатын мамандарды ескерту және қар көшкінінің түсуінен туындаған төтенше жағдайлардың алдын алу үшін, түсіндірме жұмыстарын жүргізілуде.
Жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін, қар басқан беткейлерге шығу кезінде сақ болуды, сондай-ақ қысқы кезеңде таулы аймақтағы қарлы беткейлерде сақтық шараларын сақтауларыңызды сұраймыз!