Тұрғын үй сертификатын беру үлесі 4 есеге артқан

126

Биыл Шымкентте тұрғын үй сертификатын беру үшін жергілікті бюджеттен 500 млн. теңге қаржы қарастырылуда. Бұл туралы қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Ғалымжан Өтенбаев мәлімдеді.

2021 жылы тұрғын үй кезегіндегі азаматтардың кредиттік баспанаға деген қолжетімділігін арттыру және ынталандыру мақсатында мемлекет қазынасынан қайтарымсыз 416 тұрғын үй сертификаты берілген еді.

Бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда 4 есеге артқан. Ал биыл сертификатқа өтініш қабылдау әзірге басталған жоқ. Бұл туралы хабарлама барлық бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және жергілікті арналар мен басылымдарда алдын ала жарияланады.

Айта кетейік, тұрғын үй сертификаты дегеніміз «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несиелік «2-10-20», «5-10-20»,және «7-20-25» бағыттары шеңберінде бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін азаматтарға берілетін әлеуметтік көмек.

                                                                                       Мөлдір Ибадуллаева