Түркістан облысында ағымдағы жылы 859 нысанның құрылысы жүргізілген. Заң талаптарын сақтамай салынған 212 ғимарат қайта тексеріліп оларға қатысты хаттама толтырылды.
Жалпы көлемі 76 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Оның 81,6 пайызы өндіріліп 62 млн. теңге облыстық бюджетке кіріске алынды. Бұл жайында брифингте Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Сапарғали Салдаров мәлімдеді.
Сөзінше құрылыс талаптарын бұзғаны үшін 3 жобалаушы, 19 мердігер мекеме мен 2 тапсырыс берушіге заңға сәйкес шара көрілген. Сонымен қатар, 26 техникалық қадағалаушы және 1 авторлық тұлғалардың аттестаттарының қолданысы 6 айға тоқтатылды.
Иззат Миралиев