Түркістан: Тұрақтандыру қорында 10 мың тонна азық бар

63

Бүгінде Түркістан облысында жалпы құны 954,9 млн теңгенің 10 мыңнан астам тонна тауары бар. Оның ішінде: тұрақтандыру қорында — 3 727,9 тонна, «Айналым схемасы» шеңберінде – 6305,3 тонна. Ал нақты Ескі Иқан елдімекеніндегі қоймада 102 тонна өнім бар, қалғаны жеткізушілердің қоймасында. Бұл туралы Тұрақтандыру қоры департаментінің директоры Лаура Жанасбаева мәлімдеді.

Жалпы күнгей өңірде 13 әлеуметтік дүкен мен 5 сауда үйінде 18 түрлі азық-түлік тауарлары сатылуда. Мәселен, картоп пен сәбіз — 100 теңге, пияз — 70 теңге, ұн — 150 теңге, күнбағыс майы — 700 теңге, жұмыртқа — 34 теңге, ал бөлке нан — 70 теңге көлемінде сатылуда. Айта кетейік, жыл басынан бері шаһарда 10 рет азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде 30,1 тн. тауар 5 млн теңгеге сатылды.

Мөлдір Ибадуллаева